Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазпошта" төрағасы Әсел Жанасова 1 млн 200 мың жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы "Қазпошта"АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова Мәжіліс кулуарында мәлімдеді.
Мен ашық түрде айтайын – жалақым 1 миллин 200 мың теңге. Мұны өткен жылы да айтқанмын. Басқа да ұлттық компаниялардың басшыларымен деңгейлес жалақы. Жасыратын ештеңесі жоқ. Бонус пен сыйақы туралы сұрақтарыңыз бар екенін білемін. "Қазпоштада" кризиске қарсы бағдарлама бар. Тек 2023 жылы ғана табысқа шықтық. Бонус пен сыйақы алмаймыз, - деді Әсел Жанасова.
Сонымен қатар Әсел Жанасова "Қазпоштаның" алдағы бес жылға арналған жоспары бар екенін айтып, сол жоспар жүзеге асқан жағдайда қызметкерлерге бонус пен сыйақы тағайындалатынын мәлімдеді.