Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскерге шақырудағы бюрократия жойылды – Smart военкомат іске қосылды
Жаңалықтар

Әскерге шақырудағы бюрократия жойылды – Smart военкомат іске қосылды

20.11.2025
мин
1
692
Сурет: Abai.kz

Қазақстанда “Smart военкомат” жобасы толық іске қосылып, әскерге шақыру және әскери есепке алу процесі түбегейлі автоматтандырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

Енді 17 жастан 63 жасқа дейінгі барлық ер азаматтардың деректері бір орталық базада сақталады. Алғашқы тіркеу автоматты түрде жүргізіледі, азамат ақпаратты Egov жеке кабинетінен көре алады.

Бұрын мектептен автобуспен военкоматқа апарылып, түрлі анықтамалар жинау қажет болса, енді бұл процедура толығымен жойылды.

Жаңа жүйе арқылы әскерге шақыру қағаздары SMS арқылы жіберіледі. Соның арқасында бұрын босатылу құқығын дәлелдеу үшін военкоматқа баруға тиіс болған 1 миллионнан астам азамат енді ешқайда бармайды.

Мекенжай өзгерсе, әскери есеп автоматты түрде жаңартылады. Жұмысқа орналасу кезінде анықтамаларды алу да электронды форматқа өтті. 

Кадр бөлімдері Smart военкоматқа тікелей қол жеткізе алады, мемлекеттік қызмет үшін – e-Қызмет, жеке сектор үшін – e-Еңбек жүйесі қолданылады.

Министр орынбасарының айтуынша, бұл жобаның арқасында 1 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді және көптеген артық рәсімдер жойылды.  

- Жүйе азаматтардың да, военкомат қызметкерлерінің де уақытын үнемдеп отыр”– деді Дархан Ахмедиев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жасыры 20.11.2025
Аскерге бару бармауды тандайтын жуйе жокпа
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл