Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сәтбаев қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам 18 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы қала әкімі Асқар Ыдырысов ZOOM платформасындағы онлайн-конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Қалада ЖҚЖК бойынша мектептер мен балабақшаларды жөндеу, оқушылар сарайы мен 320 орындық жаңа балабақша салу, жолдарды жөндеу және салу, №3 сорғы станциясын инженерлік-техникалық нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, жұмыстарға 800-ге жуық адам тартылмақ. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 361 жұмыс орны ашылды. Асқар Ыдырысов жұмыс іздегендерді жұмыспен қамту орталығына жүгінуге шақырды.
Ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Сондай-ақ, Сәтбаев қаласының әкімі карантиндік шараларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.