| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана мен Алматыдағы валюта бағамы жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 498,86 теңгеден сатып алынып, 502,18 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы 587,56 теңге болса, сату құны 593,32 теңгеге жеткен. Ресей рублі 6,36–6,47 теңге аралығында айырбасталса, Қытай юані 71,98 теңгеден 74,81 теңгеге дейінгі диапазонда ұсынылуда.
Астана қаласында доллар 495,06 теңгеден қабылданып, 502,06 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 583,08 теңгеден сатып алынып, 593,02 теңгеден өткізілуде. Рубльдің бағамы 6,25 теңгеден 6,55 теңгеге дейін өзгеріп отыр. Ал юань 72,03 теңгеден сатып алынып, 76,02 теңгеден сатылуда.
Сонымен қатар, өткен апта соңында доллардың орташа нарықтық бағамы 3,68 теңгеге төмендеп, 497,56 теңге деңгейінде қалыптасты.