Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысында, Астана – Теміртау тас жолының 1402-шақырымында (Ошағанды ауылы маңында) инновациялық белсенді лазерлік ескерту жүйесі алғаш рет сынақ режимінде орнатылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа қондырғының мақсаты – түнгі уақытта жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру. Лазер сәулелері жүргізушінің көру аймағына тікелей түсіп, қауіпті жағдайда дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл жүргізушінің шаршауы, зейіннің төмендеуі және нашар көріну секілді апатқа ықпал ететін факторларды азайтуға бағытталған.
Мамандардың айтуынша, жүргізушілердің лазерлік сигналдарға реакция беру уақыты дәстүрлі жол белгілеріне қарағанда әлдеқайда жылдам. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай жүйе енгізілген учаскелерде жол апаты 40-50 пайызға дейін азайған.
Қазақстанда алғаш рет іске асырылған бұл жоба Ошағанды маңында сынақтан өтуде.