Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада бір жасқа дейінгі салмағы төмен балаларға донорлық бауыр трансплантациясы алғаш рет жасалды
Жаңалықтар

Астанада бір жасқа дейінгі салмағы төмен балаларға донорлық бауыр трансплантациясы алғаш рет жасалды

28.11.2024
1 мин
0
381

Астанада бір жасқа дейінгі салмағы төмен балаларға донорлық бауыр трансплантациясы алғаш рет жасалды, - Dauletten.kz.

"University Medical Center" корпоративтік қорының трансплантолог-дәрігерлері алғаш рет салмағы төмен 8 және 12 айлық екі кішкентай балаға туысқан донорлардан бауыр трансплантациясын сәтті орындады. Мұндай операциялардың ерекшелігі – бауырдың декомпенсацияланған жеткіліксіздігі жағдайында аса қиын жағдайда жүзеге асуы.

Салмағы аз балаларға бауыр трансплантациясы Жапониядағы Ұлттық балалар денсаулығы және даму орталығының жетекші трансплантолог-хирургы мен реаниматологының қатысуымен өткен мастер-класс аясында жүзеге асырылды.

Мастер-класс барысында "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен 25-тен астам медицина маманы мен резидент оқытылды.

Бауыр жеткіліксіздігімен ауыратын науқастар үшін өмірді сақтаудың жалғыз жолы – донорлық ағзаларды трансплантациялау.

Республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығының деректері бойынша, 2012 жылдан бері Қазақстанда 500-ден астам бауыр трансплантациясы жасалып, оның ішінде "University Medical Center" Ана мен бала орталығында балаларға 20 бауыр ауыстыру операциясы орындалды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әлемде жыл сайын шамамен 100 800 орган трансплантациясы, оның ішінде 10 600 бауыр трансплантациясы жүргізіледі. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде екінші орында тұр.

Әлемде бауыр аурулары жыл сайын 2 миллион адам өлімінің себебі болып, барлық өлімнің 4%-ын құрайды (әрбір 25 өлімнің 1-і).

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл