Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада ересектер арасында қызылша өршіп тұр
Жаңалықтар

Астанада ересектер арасында қызылша өршіп тұр

09.02.2024
1 мин
0
425
Фото: 103news.com

Астанада қызылша жұқтырғандардың 68 пайызы ауруға қарсы екпе алмаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

«Елордада қызылша ауруының тіркелуі әлі де жалғасуда. Қаңтар айының басынан бастап елордада қызылшаның 1 890 бастапқы және 532 расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 381 жағдай. Елордада инфекцияның таралуын қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар жалғастыруда. Сырқаттанғандардың 68 пайызын осы кісілер құрайды», - деді ол.

Дәрігер желтоқсан айымен салыстырғанда балалар арасында сырқаттанушылықтың бір жасқа дейін, бір жас және 2 жастағы балалар арасында төмендеуі байқалатынын тілге тиек етті. 

«Мәселен, 1 жасқа дейінгі ауырған балалардың қарқынды көрсеткіші 692,7-ден 589,4-ке дейін немесе 15 пайызға, бір жастағы балаларда 880,2-ден 805,3-ке дейін немесе 8,5 пайызға және 2 жастағы балаларда 701,6-дан 551,9-ға дейін немесе 21,3 пайызға төмендеді. Көрсетілген жастағы сырқаттанудың төмендеуі – бұл қосымша жаппай иммундаудың нәтижесі. Алайда, ересектер арасында сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Қарқынды көрсеткіш 25,2-ден 40,2-ге дейін немесе 37,3 пайызға артты», - деді Сархат Бейсенова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл