Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордадағы Алаш тас жолының бойында орналасқан үш қабатты сауда орталығында ірі өрт шықты. Қою қара түтінді бірінші болып жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінің мамандары байқап, жедел түрде оқиға орнына жеткен, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы ресми хабар кешігіп түскен. Соның салдарынан жалын бүкіл ғимарат аумағына тарап, ғимараттың қабатаралық жабындарының бір бөлігі құлаған. Құтқарушылардың айтуынша, жанғыш заттардың көптігі мен қою түтін өртті сөндіру жұмыстарын едәуір қиындатқан.
Өртті сөндіруге 165 маман мен 62 техника бірлігі жұмылдырылды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ – зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген.
Айта кетерлігі, базар әкімшілігі тарапынан өрт туралы хабарлама дер кезінде берілмеген. Қазіргі уақытта өрт толық оқшауланып, тілсіз жаудың таралу қаупі жойылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуде.