Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада қыз бала өз-өзіне қол салмақ болды. Бұл жайында полицияға қыздың құрбысы айтқан, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
102 арнасына қала тұрғынынан құрбысының өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері Нұрсұлтан Динабеков пен Дәулет Тұрғынов бар патрульдік полиция экипажы дереу жетті. Полицейлер бөлмеге 2-қабаттағы пандус арқылы кіруді ұйғарды.
Динабеков балконның ашық терезесі арқылы пәтерге кіріп, жуынатын бөлмеде өзін жарақаттаған тұрғынды көрді. Тәртіп сақшысы жас қызды құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Тұрғынға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Қыз баланың мұндай әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр.