Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада үздік асықшылар марапатталды
Жаңалықтар

Астанада үздік асықшылар марапатталды

15.11.2023
2 мин
0
955
Фото: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі

Астана қаласында еліміз бойынша үздік асықшыларға арналған «Жыл үздігі-2023» марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Салтанатты шараға Ұлттық спорт қауымдастығының бас хатшысы Тастанбек Есентаев, ҚР Асық ату федерациясының президенті Аслан Сұлтанов, Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Карбозов және Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов қатысып, жүзден жүйрік шыққан асықшыларға жүлделерін табыс етті. Ұйымдастырушылар спортшыларға сәттілік тілеп, ұлттық ойынға сіңірген еңбектері үшін алғыстарын білдірді. Ал төменде аты аталған асықшылар мен жаттықтырушылар, құрамалар жыл үздігі деп танылды.

 

 

1. "Үздік ерлер құрамасы" номинациясының жеңімпазы – Павлодар облысының ерлер құрамасы.

2. "Үздік әйелдер құрамасы" номинациясының жеңімпазы – Астана қаласының әйелдер құрамасы.

3. "Үздік федерация" номинациясының жеңімпазы – Астана қаласы Асық ату федерациясы.

4. "Үздік ерлер құрамасының жаттықтырушысы" номинациясының жеңімпазы – Халибек Хуан (Павлодар облысы).

5. "Үздік әйелдер құрамасының жаттықтырушысы" номинациясының жеңімпазы – Марат Исламбеков (Астана қаласы).

6. "Үздік ардагер асықшы" номинациясының жеңімпазы – Әсет Рамазанов (Солтүстік Қазақстан облысы).

7. "Асық атудан үздік төреші" номинациясының жеңімпазы – ұлттық дәрежедегі төреші ҚуатХайруллин (Солтүстік Қазақстан облысы).

8. "Бес асықтан үздік төреші" номинациясының жеңімпазы – ұлттық дәрежедегі төреші Самат Аукенов (Ақмола облысы).

Үздік шыққандар ҚР Асық ату федерациясының диплом медальдарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Жиынға қатысушылар ұлттық спорт төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.

 

 

Қауымдастық ұлттық спорттың дамуына қашан да күш салады. Бүгінде елімізде асық ату спортынан әр аймақта он алты федерация бар. Мыңға тарта бапкер, ал асық атумен айналысатындардың жалпы саны сексен мыңнан асты. Олардың арасынан 50 шақтысы спорт шебері атағын алып үлгерген.

Айта кетейік, Асық ату федерациясы ең алғаш 2010 жылы құрылған. 2018 жылы республикалық Асық ату федерациясы ұлттық спорт федерациясы ретінде Ұлттық олимпиада комитеті тарапынан танылды. Ал 2023 жылдың тамыз айынан бері федерацияның президенті болып, елімізге танымал кәсіпкер Аслан Қуанышұлы Сұлтанов сайланған болатын.   

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық спорт қауымдастығы құрамына "Теңге ілу", "Бәйге", "Жамбы ату", "Аударыспақ", "Көкпар", "Тоғызқұмалақ", "Құсбегілік" және "Асық ату" спорт түрлері бойынша 9 ұлттық спорт түрінен республикалық федерация  кіреді. Ұлттық спорт қауымдастығының президенті – кәсіпкер, белгілі меценат Исламбек Салжанов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл