| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) станцияларында қоғамдық тәртіп пен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қызметке кірісті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы әскери қызметшілері елордадағы LRT станцияларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын бастады.
Жаңа бастама аясында сарбаздар жеңіл рельсті көліктің 17 станциясында екі ауысыммен қызмет атқаруда. Негізгі міндеттердің бірі – жолаушылар ағынын реттеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бұл жұмыс полиция қызметкерлері мен LRT әкімшілігінің қатысуымен ұйымдастырылған. Әскери қызметшілер тек станциялардың ішінде ғана емес, оған жақын аумақтарда да бақылау жүргізеді.
Айта кетейік, мамыр айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы LRT жобасының жұмысын іске қосқан болатын. Жүйе іске қосылған алғашқы екі апта ішінде жеңіл рельсті көлікті 1 миллионнан астам жолаушы пайдаланған.
Кейіннен LRT жүйесіне «Тарлан Астана» атауын беру туралы шешім қабылданды.