Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қазіргі уақытта сквер орналасқан, “Керуен” сауда орталығының алдындағы жер телімінің болашақта қандай мақсатта пайдаланылатынын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек Facebook парақшасында бұл жер телімі Тимур Құлыбаевқа тиесілі болғанын және оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мен республикалық жер комиссиясы Jer Amanaty бірлесіп мемлекет меншігіне қайтарғанын мәлімдеген еді.
- Бұл учаске астаналықтарға “Солтүстік шұғыласы” тұрғын үй кешені мен “Керуен” сауда орталығы арасындағы үлкен бос жер ретінде таныс. Ол ұзақ уақыт бойы бос жатқан болатын, – деп жазды Базарбек.
Бүгін Есіл ауданы тұрғындарымен есептік кездесу кезінде Астана әкімі “Керуен” сауда орталығының алдындағы, қазіргі уақытта сквер орналасқан жер телімі мемлекеттік қорға өтетінін хабарлады.
- Жер толықтай қалаға қайтарылады. Застройщик салған қаражат жеке меншікке емес, елорданың активінде қалады. Қазір бұл паркті қала тұрғындары пайдаланып жүр және ол расында қалаға қажет. Әкімдік бұл аумақты абаттандыру бойынша конкурс та өткізіп үлгерді, – деді Қасымбек.