Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Атырауда жас волонтерлар клубы құрылды
Жаңалықтар

Атырауда жас волонтерлар клубы құрылды

24.09.2024
2 мин
0
198

Атырауда жастардың белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында "Жайық жалындары" жас волонтерлар клубы құрылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жаңа құрылған клубтың негізгі мақсаты – волонтерлік қызметті кеңінен насихаттау және жастарды қоғамның әлеуметтік өміріне тарту. "Жайық жалындары" клубының мүшелері әртүрлі әлеуметтік жобалармен акцияларға қатысып, қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі. Сонымен қатар клуб Қазақстандағы және әлемдегі волонтерлік салаларда жұмыс істейді, осылайша жастарға халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Клубтың жұмысы түрлі бағыттарды қамтиды:

1. Әлеуметтік жобалар: клуб мүшелері қарттар мен балалар үйіне, әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға көмек көрсетуге бағытталған жобаларды жүзеге асырады.

2. Экологиялық шаралар: табиғатты қорғау, экологиялық таза орта құру, ағаш отырғызу сияқты акцияларды ұйымдастырады.

3. Мәдени және білім беру іс-шаралары: жастардың мәдени және интеллектуалдық дамуына арналған іс-шараларды өткізеді. Тренингтер, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырып, жастарды жаңа біліммен қаруландырады.

4. Спорттық шаралар: спорттық іс-шаралар мен жарыстар ұйымдастырып, жастар арасындасалауатты өмір салтын насихаттайды.

Клуб құрамында жастардың шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады. Мүшелер волонтерлік тәжірибе жинақтап, қоғамға пайдасын тигізетін жобаларды жүзеге асыра алады. Клубтың жетекшілері мен сарапшылары жастарға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ клуб халықаралық волонтерлік ұйымдармен байланыс орнатып, жастарға халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Мысалы, шетелдік жобаларға қатысу, тағылымдамалар мен конференцияларға бару секілді мүмкіндіктер ұсынылады.

Клубтың қызметі мен жаңалықтарын насихаттау үшін әлеуметтік желілерде @jaiyq_jalyndary Instagram парақшасы ашылды. Бұл платформа арқылы клуб мүшелері өз идеяларын бөлісіп, іс-шаралар туралы ақпарат алмаса алады. Аккаунт жастарды волонтерлікке тарту, клуб қызметін таныту және қоғамдық пікір қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Волонтерлік клубтың жұмысы Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты негізінде "Ой бренд" қоғамдық қорының "Волонтерлер мен волонтерлік бірлестіктерді қолдауға бағытталған "Birgemiz: is-qimyl kezeni" жобасы шеңберінде іске асырылуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл