Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Автокредит бағдарламасы: салонда көлік болмаса, не істеу керек
Жаңалықтар

Автокредит бағдарламасы: салонда көлік болмаса, не істеу керек

16.05.2022
1 мин
2
2451

Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева көлікке брондау тәртібін түсіндіріп берді.

Бүгінде автосалонда қажетті модель болмаса, алдын ала тапсырыс беру қызметі қарастырылған. Ол үшін келісімшарт жасалады.

"Әрбір автосалонда нақты ереже бар. Мысалы, көлікке брондауға болады. Оны алғысы келетін адам тапсырыс беріп, құжатқа қол қояды. Одан кейін автосалон менеджері мәліметті әрбір көлік өндірушінің ішкі жүйесіне енгізеді. Сонда зауыт нақты қандай модельді және қай қалаға жеткізу керектігін біліп отырады. Бұл жүйенің электронды кезегі бар, яғни, брондаған адамдарға көлік кезекпен жеткізіледі", - деді Мақашева Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, көлікке алдын ала келісімшарт немесе сату-сатып алу шарты рәсімделеді. Тапсырысты екі-екі жарым айдай күтуге тура келеді.

"Ал көлік автосалонға келгенннен кейін VIN-коды көрсетілген шот-фактура алып, банкке апару керек. Банктің оң шешімі шыққан бойда көлікті алып кетуге болады", - деп атап көрсетті Мақашева.

Автосалон қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде кейбір модельдер тапшы. Себебі халық тарапынан сұраныс жоғары. Мәселен, Kia Rio-ны автокредитке алғысы келетіндер көп, қолма-қол ақшаға сатып алатындар да аз емес. Сондықтан сұрынысты толығымен қамтамасыз ету мүмкін емес. Ал басқа модельдер жеткілікті.

Айта кетері, бүгін Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасы басталды. "Жасыл даму" АҚ-сының 100 миллиард теңгесі барлық банкке таратылған жоқ. Бүгін түстен кейін Банк ЦентрКредит өтініш қабылдауды бастайды делінген. Кейін оған Halyk bank, Forte bank және Еуразиялық банк қосылады.

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2628 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Г
Гуля 16.05.2022
Бугін салонға барып мен февраль аяғы мартта машинаға очеретке 182 ші болып турғанмын,бугін менің алдымда қанша адам бар деп сұрасам 200,300 адам бар дейді ,сонда қалай тусінуге болады,әділеттік қацда электронды турдегі очерет ,ужасс не деген сумдық таңертең ғана 258,болып тұрған еді,кешкісін маған менежер 300,адам бар алдыңызда дегенде не аитарымды білмей қалдым ,алматы қаласында болып жатқан жағдай
Жауап беру
А
Алма 16.05.2022
История караима
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл