Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әйелдердің зейнетке шығу жасы қысқара ма?
Жаңалықтар

Әйелдердің зейнетке шығу жасы қысқара ма?

27.11.2022
1 мин
11
1958

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде  ҚР президентінің жарлығы бойынша 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендейді деген мәлімет тарап жатыр. Сондай-ақ Қазақстанда 13-ші зейнетақы төлемі енгізілетіні туралы ақпарат шықты. Алайда бұлар шындыққа жанаспайды.

Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен арттыру 5 жыл мерзімге, 61 жас деңгейінде тоқтатылады.

«Зейнетақы төлемдеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру базалық және ынтымақты зейнетақы, сондай-ақ азаматтардың міндетті зейнетақы жарналарын аудару есебінен қалыптастырылатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлем беру арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз» , - деп мәлім етті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны – 2 млн 268 мың адам.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық және ынтымақты зейнетақы) 108 993 теңгені құрады (БЖЗҚ төлемдерін есепке алмағанда).

«Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөзден алуды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады» , - деп ескертеді ведомство.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
11 Пікір
Н
НАҒИМА. 28.11.2022
58-ЖАСТЫ ҚОЛДАЙМЫН.МЕКТЕПТЕ ЛАБОРАНТКА БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕЙМІН.БІЗДІҢ ЖҰМЫС ЖЕҢІЛ.АЛ ПОЛ ЖУАТЫН АПАЙЛАРДЫ КӨРГЕНДЕ ЖАСЫ КЕЛГЕН АПАЙЛАРҒА ҚАТТЫ ЖАНЫМ АШИДЫ.НЕГЕ ҮКІМЕТ БАҒАЛАМАЙДЫ.ЖАҢБЫР ЖАУҒАНДА ЛАЙ БОЛАДЫ .БІР СӨЗБЕН АЙТҚАНДА ЖҰМЫСТАРЫ АУЫР.55-ДЕМЕЙІН 58-ЖАСТЫ ҚОЛДАЙМЫН.
Жауап беру
М
Мөлдір 28.11.2022
Сәлеметсізбе Дәулет. Әйел адамдардың Зейнет жасын түсүру керек деп ойлаймын 61 жас тым ұзақ еден жуып көше тазалалап жүргендер сонымен қатар білім саласында жұмыс істеп жүргендермен қатар медицина саласында жұмыс істеп жүрген әйел адамдар үшін өте қиын. Сол себепті әйелдердің зейнет жасын қысқарту керек 61 жас тым көп.
Жауап беру
А
Айгуль 28.11.2022
Осы биликтегилеры кашан толыгымен ауысады екен, аналарга дым жандары ашымайды. 61 жаска деин зейнет жасын созып, 58 жаска тусирсе болар еды гой
Жауап беру
Б
Бибінұр 28.11.2022
61 жас қарапайым еден жуушы , көше тазалаушы әйел адамдар үшін ұзақ ! Сонда олар қартайған шағында әр адамның артынан еден жуып, көше тазалап жүредіма?! Тек бейлік басындағыларды емес сонымен қатар қарапайым жұмысшыларды ойлаңыздаршы! Онда жұмысына қарай шығарсын қара жұмысшылар ды ертерек шығарсын!
Жауап беру
28.11.2022
Дурыс
Жауап беру
М
Мика 28.11.2022
Әйел адамдар 55жастан зейнеткерлікке шықса деймін өз басым өйткені еден жуатын әйелдерді көрсеңіз әрең жүреді жоғарыда отырған әйел мен еден жуып көше тазап жүретін әйелдердің айырмашылығы жермен көктей канторда қағаз бен қалам ұстайтын әйелдердің ден саулығыда оны ойлап жаны ашып жанашыр болған адам жоқ сонда оларды кім ойлайды??

Алтын 27.11.2022
Әйел адамдар соның ішінде балалармен жұмыс жасайтындардың зейнет жасын қысқарту керек.
Жауап беру
А
Алтын 27.11.2022
Әйел адамдар соның ішінде балалармен жұмыс жасайтындардың зейнет жасын қысқарту керек.
Жауап беру
М
Мадина 27.11.2022
Айел адамдарга 55 жастан зейнетке шыгарса екен деймин.себеби ауыр жумыс жасайтын айел азаматтарга кыйын.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл