Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Титан» сүңгуір кемесінің бортындағы бес экипаж мүшесі «апатты жарылыстан» кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жоғалған сүңгуір қайықтың бортында OceanGate Expeditions негізін қалаушы Стоктон Раш, британдық миллиардер Хамиш Хардинг, француз океанографы және Титаник жөніндегі жетекші сарапшысы Пол-Анри Наржоле, пәкістандық кәсіпкер Шахзада Дауд және оның 19 жастағы ұлы Сулеман болған.
Бостон жағалау күзетінің мәліметінше, «Титан» төрт шақырым тереңдікке сүңгігеннен кейін 1 сағат 45 минуттан соң байланыс үзілген. Негізінде батискафтағы адамдар су астына түскеннен кейін 96 сағат бойы оттегімен қамтамасыз етілуі керек еді. Алайда бүгін аталмыш уақыттың шегі өтіп, экипаж мүшелері қазақ тапты деп танылды.