Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының жеңімпазы анықталды
Жаңалықтар

«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының жеңімпазы анықталды

24.12.2025
мин
0
117

«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Хабар» телеарнасының 30 жылдығына орай жаңартылған форматта эфирге қайта оралған «Азамат» интеллектуалды бағдарламасы мәресіне жетіп, маусым жеңімпазын анықтады. Финалдық ойында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің командалары кездесті. Ақтық кезеңнің тақырыбы – «Қазақстан экономикасының басты драйвері».

Финал барысында командалар өз позицияларын дәлелдеу, қарсы тараптың уәжіне жауап беру және логикалық аргументация тұрғысынан жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Тартысты өткен ойын нәтижесінде 3:2 есебімен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жеңіске жетіп, «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының жеңімпазы атанды.

Финалдық ойынды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров, «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев және Qazaq Debate қозғалысының негізін қалаушы Ерболат Мұхамеджан бағалады.

Жоба қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлығы – 250 мың теңгеден Шәкәрім университетіне, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне және Нархоз университетіне табысталды. Төртінші орынды және 400 мың теңге жүлдені Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті иеленді. Үшінші орын – Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне (600 мың теңге). Екінші орын және 1 миллион теңге жүлде Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетіне бұйырды. Ал бірінші орын мен 2 миллион теңге жүлдені Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жеңіп алды.  Осылайша, жобаның жалпы жүлде қоры 5 миллион теңгені құрады

Айта кетейік, «Азамат» интеллектуалды бағдарламасы алғаш рет 2000-жылдардың басында «Хабар» телеарнасында эфирге шығып, елдегі пікірсайыс қозғалысының дамуына серпін берген жобалардың бірі болды. Жаңартылған маусым аясында еліміздегі 100-ден астам жоғары оқу орнының ішінен іріктелген 32 университет қатысты. Ескерте кетейік, қазіргі таңда «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының екінші маусымына іріктеу басталып кетті. Жаңа маусымға еліміздің жоғары оқу орындары қатыса алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл