Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды қайта қарап шығуды тапсырды.
Коронавирусқа қарсы шаралар туралы жиында мемлекет басшысы әкімдер мен министрлерге бюджетті қайта қарап, түрлі конференциялар, салтанатты шаралардан бас тартуға тапсырма берді.
"Қаржының бәрі індетке қарсы нақты күрес шараларына жұмсалуы шарт", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, президент пандемия кезінде азық-түліктің қолжетімділігін және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде тоқталды. Халықты жұмыспен қамту мен цифрлық технологияларды дамыту жұмысы да назардан тыс қалмауы қажет.
"Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар кезең-кезеңімен және толыққанды орындалуы шарт. Бұл сұрақтар әрбір әкімнің жіті бақылауында болуы керек", - деп атап өтті Тоқаев.
Отырыс барысында мемлекет басшысы мемлекеттік комиссияға екі күн ішінде наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Ол зертханалық зерттеулердің тиімділігін арттыруды, ПТР зертханалардың саны мен уақытын қадағалап, реагенттер мен шығыс материалдарын үздіксіз жеткізу мәселесін шешуді тапсырды.