Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бағаны тұрақтандыру үшін тиімсіз делдалдар жойылады
Жаңалықтар

Бағаны тұрақтандыру үшін тиімсіз делдалдар жойылады

23.09.2025
1 мин
0
394
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру шаралары туралы баяндады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрдің айтуынша, ӘМАТ бағасын бақылау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Апта сайын кеңестер өткізіліп, әр өңір мен тауар санатындағы мәселелер жедел шешіліп отыр.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының индексі 100,8%-ды құраса, тамызда өсім байқалмады, ал қыркүйектің алғашқы үш аптасында 0,1% деңгейінде тіркелді.

- Көкөніс бағасы тамыздан бері орта есеппен 2,5 есе төмендеді. Жыл соңына дейін тұз, жұмыртқа, картоп және күнбағыс майы бойынша отандық өндірушілермен баға белгілеу жөнінде меморандумдарға қол қойылды. Макарон, ұн және күріш бағасы да төмендеу үрдісін көрсетіп отыр, – деді Арман Шаққалиев.

Ішкі нарықты толықтыру мақсатында биылғы 15 мамырдан бастап тірі малды әкетуге тыйым салынды. Сонымен қатар, ет экспортына квота тек ет өңдеуші кәсіпорындарға берілмек. Сауда желілері мен фермерлер арасында сиыр етін жеткізу бойынша келісімдер жасалды.

Бақылау шаралары барысында делдалдық схемалар анықталып, тиімсіз делдалдар нарықтан шығарылып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл