Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“BaiQymyz” гастрофестивалі: елордада өтіп жатқан шараға 40 мыңнан астам адам жиналды
Жаңалықтар

“BaiQymyz” гастрофестивалі: елордада өтіп жатқан шараға 40 мыңнан астам адам жиналды

19.07.2025
мин
0
104

Астанада алғаш рет қазақтың ұлттық сусыны – қымызға арналған ірі көлемді гастрофестиваль өтіп жатыр. "BaiQymyz" деп аталған шараның алғашқы күнінде 40 мыңнан астам адам қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген қонақтар ұлттық сусыннан дәм татты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Елордалықтар мен қала қонақтарына қымыздың әртүрлі түрлері ұсынылды. Барлығы 30 тоннаға жуық қымыз елордаға жеткізілген. Бұл – Қазақстан тарихындағы рекордтық жағдай.

– Біз еліміздің әр өңірінен 50-ден астам қымыз өндірушіні жинадық. Әрқайсысы 500 литрден артық қымыз алып келді. Жерлестеріміздің белсенділігі мен елордалықтардың қызығушылығының арқасында жаңа рекорд орнаттық. Егер фестиваль жұртқа ұнаса – біз оны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді фестиваль ұйымдастырушысы Жұмажан Қалтаев.

Фестивальге қатысушылар арасында Қарағанды облысы, Үштөбе ауылынан келген Серғазы Исабеков те бар. Ол күніне 25 бие сауып, шамамен 150 литр қымыз өндіретінін айтты.

– Бүгін елордаға ауылымыздан 600 литр қымыз алып келдім. Қалалықтар нағыз ауыл қымызының дәмін көрсін дедім, – дейді ол.

"BaiQymyz" тек гастрономиялық шара ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін алаңға айналды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, фольклорлық музыка тыңдап, қолөнер жәрмеңкелерін аралап, концерттік бағдарламалар мен түрлі байқауларға қатысты. Солардың бірінде жеңімпаз 2 литр қымыз ішіп, арнайы сыйлыққа ие болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл