Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту мақсатында биылғы жылдың соңына дейін республика бойынша 81 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр, деп жазады Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Маусым айында Алматы, Астана қалаларында, Ұлытау, Қостанай, Маңғыстау облыстарында жаңа топтарды жасақтау аяқталды. Қалған өңірлерде бұл жұмыс қыркүйек айына дейін жалғасады.
Кезекке қою және жолдама беру электрондық жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:
Айта кету керек, қазіргі таңда балабақшаға кезекке қою тәртібіне өзгерістер енгізілуде. Баланы мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою және қабылдаудың бірыңғай базасы құрылуда.