Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Банкроттық туралы арыз қашаннан бастап қабылданады?
Жаңалықтар

Банкроттық туралы арыз қашаннан бастап қабылданады?

24.02.2023
1 мин
0
1898

Банкроттық жариялаймын деген азаматтар арыздарын наурыздың үшінен бастап жібере алады. Бұл туралы бүгін Сенатта Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті. Бұл туралы Хабар-24 мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның айтуынша, жақында ведомство жаңа ақпараттық жүйені іске қосып, оны басқа мемлекеттік органдардың порталдарымен біріктірді.

- Жоба пилоттық негізде екі рет тексерістен өткен. Айта кетейік, банкроттық ол амнистия емес. Оның салдары бар екенін ұмытпаған жөн, - деді вице-министр.

Яғни өзін банкрот деп жариялағандар бес жылдың ішінде несие ала алмайды. Сондай-ақ олардың мәліметтері 7 жыл бойы реестрде тұрады. Екінші рет банкроттық жариялауға мүмкіндік берілмейді.

Қаржы министрлігі бұл процедура іске қосылғанда мемлекеттік бюджеттің қанша қаржы жоғалтатынын да жобалап қойыпты.

- Банкроттық туралы заңның аясында жеке тұлғалардың қарыздары есептен шығарылады.  Ол жеке тұлғаның табысы деп саналмайды және салық салынбайды. 10 пайыздық салық. Бір триллион қарыз бар. 10 пайызға көбейтсек, 10 триллион шығады. Ол болжамды түрде. Өйткені қазір бұл азаматтар бастапқы қарызын төлей алмай отыр. Сандық екінші сұрақ қой. Сондықтан жергілікті бюджетке кері әсері болмайды деп ойлаймын, - деді Ержан Біржанов.

Фото: ашық дереккөз

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл