Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Парламент мәжілісінің кезекті отырысында мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек халыққа жайылымды жерлерді қайтарған соң, банк мәселесін көтеріп, бас прокурор Асыловқа бірнеше ұсыныс тастады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Олигархтар мен жоғары шенділердің банктерін құтқаруды доғару керек екенін айтқан ол халықты аштық пен жұмыссыздықтан қорғау керек екенін тілге тиек етті.
«Халыққа жайылымды жерлерді қайтарсақ, банктерді ауыздықтау керек, ағайын!
30 жылда неше рет банктерді кұтқардық ағайын! Халықтың қазынасыдағы ақшаны Тимур Құлыбаевтың, Әділбек Жақсыбековтың және басқа да олигархтар мен жоғары шенділердің банктерін құтқаруды қашан доғарамыз.
Банктерді емес, халықты аштық пен жұмыссыздықтан қорғау керек. Соның бірден бір жолы - банктерге кепілге қойылған ауыл шаруашылық жерлерді қайтаруымыз керек. Ол банктердің артында кім тұрғанын, кімнің иелігінде отырғанын және қандай жолмен ауыл шаруашылық жерлерді кепілге қойып жібергенін қоғам, халық білу қажет»,- деді Базарбек.
Сонымен қатар, Үкімет пен Бас Прокуратурамен бірлесіп, үш қадам жасау керегін де айтып өтті.
«Біріншіден, 2025 жылға дейін бүкіл елде жер амнистиясын жариялап – шартты жер үлесінен тұратын және банктерде кепілге қойылған жерлерді үлескерлерге қайтадан қайтаруды көздейтін мемлекеттік жобаны қабылдау керек. Үлескерлерге еркін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен өзге шаруашылық ұйымдардан шығудың заңи мүмкіндігін қарастыру керек.
Екіншіден, коммерциялық банктердің иелігіндегі 2 миллион гектар көлеміндегі жерлерді мәжбүрлі түрде Жер кодексінің 92-94 бабына сәйкес мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз етуіміз қажет.
Үшіншіден, азаматтардың шартты жер үлесінен тұратын жер пайдалану құқығын екінші денгейлі банктерде және қаржы ұйымдарында кепілге қоюға мораторий енгізу»,- деп сөзін аяқтады ол.
Фото: internationalwealth.info
Тағы көру