Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Батыс Қазақстанда жаңа жылдық мерекелерге 28 млн теңге бөлінген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Батыс Қазақстан облысында жаңа жыл мерекелеріне 28 миллион теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражат тұтас өңір бойынша, оның ішінде облыс орталығы мен 12 ауданға тең бөлініп беріледі. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, бұл қаржы мереке шараларын ұйымдастыруға және сыйлықтар сатып алуға бағытталатын болады.
Биыл өңірде жаңадан шырша сатып алу жоспарланбаған. Әкімнің сөзінше, өткен жылы сатып алынған жасанды шырша жыл сайын қолданылып, Жаңа жылдың соңында ұқыпты сақталып, келесі жылға дайындалатын болады. Осылайша шыршаға қосымша қаржы жұмсамай, үнемдеу шаралары қолға алынған.
Бұл бюджет қаражаты, сондықтан біз әрбір теңгені үнемдеп жұмсауға тырысамыз. Шыршаға ғана емес, барлық іс-шараларға қаражат бөлінді, соның ішінде сыйлықтар мен басқа да қажеттіліктер де бар, – деп атап өтті Нариман Төреғалиев.