Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бір айда 800 мың қазақстандық вирус жұқтырған
Жаңалықтар

Бір айда 800 мың қазақстандық вирус жұқтырған

03.11.2022
2 мин
1
960

Биыл 1 қазаннан бастап елімізде 764 247 ЖРВИ және 521 тұмауға ұшырау жағдайы тіркелді. Аталған деректі Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова келтірді. Бұл жөнінде ҚазАқпарат жазды.

«Елімізде ЖРВИ және тұмаудың таралуын мониторингілеу жыл сайын 1 қазаннан басталып, келесі жылдың 30 сәуіріне дейін жүргізіледі. Биыл эпидемиялық маусым басталғалы 764 247 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Өткен жылы да көрсеткіш осы деңгейде болған. Ал, тұмау бойынша ел көлемінде 521 зертханалық тұрғыдан расталған жағдай тіркелді. Таралу жағынан өңірлерге келсек, Қызылорда облысы – 128, Жетісу облысы – 84, Ақтөбе облысы – 69 жағдаймен үштікте тұр», - деді Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, ел көлемінде тұмаудан басқа, оған ұқсас вирустар да таралып жатыр.

«Тұмауға ұқсас инфекциялар бойынша 1 202 сынама тексерілді. Оның ішінде 254 сынама (21,1%) расталды. Вирустарға келсек, риновирус – 93, РС вирус – 77, парагрипп – 31, коронавирус – 20, аденовирус – 17, бокавирус – 10, метапневмовирус – 6», - дейді ол.

Айта кетсек, бұған дейін бір сыныпта 30 пайыз ЖРВИ жағдайы тіркелсе, оқу онлайн форматқа ауыстырылатыны айтылды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айнур 03.11.2022
Былтыр дәл осы уақытта қалай ауырсақ биыл дәл солай ауырып жатырмыз.... Подозрительно???!!! Қолдан жасалған вирус па???? Кімдерде солай?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл