| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыдағы дәрігерлер қайтыс болған бір әйелдің бес ағзасын алты науқасқа сәтті трансплантациялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1962 жылы туған әйел қайтыс болғаннан кейін туыстары донор болуға келісім берген.
Нәтижесінде:
жүрегі 1988 жылы туған пациентке,
бауыры 1982 жылы туған пациентке,
оң жақ бүйрегі 1996 жылы туған пациентке,
сол жақ бүйрегі 1966 жылы туған пациентке,
мөлдір қабығы 1983 және 1956 жылы туған екі пациентке салынды.
Осылайша бір әйелдің ағзалары алты адамға өмір сыйлап, олардың үмітін оятты.