Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жасады.
22 наурыз тәулік бойы, түнде және таңертең 23 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 22-24 наурызда облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.
22 наурызда Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 22 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
22 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с күтіледі.
22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі.
22 наурызда Павлодар облысында түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Нұр-Сұлтан қ.: 22-23 наурызда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 22 наурызда тәулік бойы, 23 наурызда күндіз екпіні 15-20 м/с.
22 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман, жаяу-бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ: күндіз 22 наурызда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
22 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
22 наурызда Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.
22 наурызда түнде Ақтөбе облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22 наурызда Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын, батысында, оңтүстігінде тұман, 23 наурызда солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі.
22 наурызда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ. Облыстың батысында оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с.