Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?
Жаңалықтар

Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

21.02.2023
1 мин
8
3695

Биыл қаңтар айында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 532,6 мың отбасына 33,1 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Бұл туралы Dauletten.kz еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:

- 4 баласы бар отбасыларғы – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқанын атап өтеміз.

Фото: ашық дереккөз

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
8 Пікір
Б
Бакөш. 22.02.2023
Көп балалыларды и зинеткерлердікін көтерсе болды азық түлігіміз лезде көтеріліп кетеді.
Жауап беру
Р
Рабиға 22.02.2023
Сәлеметсіздерме. Расымен азық-түлік күннен күнге қымбаттап барады.
Жауап беру
Е
Ержан. К 22.02.2023
Өмір бойы берілетін қылу керек, және АСП-ға неге инвалидтердің пособиясын доход қылып есептейді, неге алып тастамайды, онсызда мардымсыз алатын ақшалары өздерінің дәрі дәрмегінен ауыспай 50-60мың алатын ақшалары неге жетеді қазіргі заманда, алып тастасын асп-дан қоспасын доход қылып, кезінде министрдің өзі айтқан жәй жәйдан алып тастаймыз деп әзірге балалардыкін алып тастаймыз доход қылып есептемейміз деген
Жауап беру
А
Ақдидар 24.03.2023
Көп балалылардың 18жасқа дейінгі жәрдем ақысын көтерсе екен. Қазір азық түлік,киім,мектеп құралдары т.б барлығы қымбаттап кетті.
Жауап беру
А
Аяшева Жібек 21.02.2023
Азық түлік бағасын реттесе екен. Алаңсыз қытаттап кетті.
Жауап беру
А
Айзада Жанабаевна 21.02.2023
Осыны неге өмир боиы беретин қылып коимаиды екен.
Жауап беру
М
Муратбекова Айжан 21.02.2023
Сәлеметсізбе? Бір анада күміс алқада бар, алтын алқада бар. Екеуіне неге бөлек төленбейді. Екеуне бір льгот беріп отыр үкімет. Неге?
Жауап беру
Ж
Жанар 21.02.2023
За то азық-түлік 30-40% өскен
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл