Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл наурыз-сәуір айында елімізде 4 миллионнан астам адам жұмыссыз қалған
Жаңалықтар

Биыл наурыз-сәуір айында елімізде 4 миллионнан астам адам жұмыссыз қалған

02.06.2020
1 мин
2
1356

Биыл наурыз-сәуір айында елімізде 4 миллионнан астам адам жұмыссыз қалды. Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыссыздықты азайту мәселесін айтты.

«Коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдайға байланысты еңбек нарығындағы ахуал күрделі болды. Наурыз-сәуір айларында болжам бойынша табыссыз, жұмыссыз қалған азаматтар саны 4 миллионнан астам болды. 20 сәуірден бастап карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты бұл көрсеткіш мамыр айында 1 млн адамға дейін төмендеді деп болжап отырмыз. Үкімет тарапынан экономиканы жаңғырту, бизнесті қолдау, оның ішінде жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңінен көздеу нәтижесінде шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақтануына қол жеткізу мүмкін», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, жыл соңында жұмыссыздықтың болжамды деңгейі 6,1 пайызды құрауы ықтимал.

«Жалпы, биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тартуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған экономиканы, бизнесті қолдау шараларының барынша жұмыс орындарын сақтап қалу мүмкіндігі және барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті толығымен пайдаланылатын болады. Оның ішінде жаңа Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 255 мың жұмыс орны құрылмақ. Бүгінде жол картасына кірген 6,5 мың жобаның 5 300 жобасы басталып, 103 мың жұмыс орнына 91 мың адам тартылды. Оның 35 пайызы – жастар», – деді Біржан Нұрымбетов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Айдана 02.06.2020
Сәлеметсіз бе? Мен жұмыссызбын. Өзімнің мамандығыммен жұмыс жасай алмаймын. Мамандығым мұғалім. Мойнымда лимфаденит өсіп,туберкулез палочкалары табылды. Менің сұрағым келгені: басқа мамандық оқуға қандай мүмкіндіктер бар? Өз қаражатым оқуға жетпейді.
Жауап беру
Д
Динара 02.06.2020
Салеметсізба ініме көмек бересізба 96 жылғы бехтеревамен аурады екінші топ және өкпесінде қурт эхинахок бар екі жақ өкпесінде отаға алмады әлсіз деп Юджин 10 000$ сурауда көмек берініші.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл