Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің бас қаласында «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» жобасы жалғасады. Биыл 1050 пәтер кілті табысталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты.
«Бағдарлама аясында жастар жалдамалы пәтерге ие болды. Осы уақыт ішінде олар аяққа тұрып, белгілі бір көлемде қаржы жинауына мүмкіндік туды. Қаңтар айында біз тағы 350 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Ал 2021 жылдың соңына қарай тағы 1050 пәтер беріледі», - деді қала әкімі.
Еске сала кетейік, жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы 2019 жылы бастау алып, мыңнан аса азамат жалдамалы пәтерге ие болған.
Тағы көру