Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
11 ақпан күні сағат 18.00 шамасында Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірді.
Ақпарат бойынша бала таңғы 10-да атқа мініп, мал іздеуге шыққан.
Баланы іздеуге полицейлерден бөлек Аягөз қаласында орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметшілері, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер және ауданның қамқор тұрғындары іздеуге белсенді қатысты. Жағдай ішкі істер министрінің ерекше бақылауында болды.
Іздеу іс-шаралары 4 сағаттан астам жүргізілді, ауа-райы жағдайлары жедел-іздестіру іс-шараларын қиындатқан. Баланы іздеуге 100-ден астам адам қатысты. Іс-шаралар полиция мен құтқарушылардың арнайы көліктерінде өткізілді, өтуге қиын жерлерде адамдар қарда жүретін көліктермен және жылқылармен жүрді.Сонымен қатар 5 дрон ұшырылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде қайғылы жағдайға жол берілмеді, тәртіп сақшылары мен жергілікті тұрғындар баланы елді мекеннің шетінен тапқан. Бала боранның кесірінен жолынан адасқан. Ол іздеуге шыққандардың шамдарын көріп, сол бағытқа беттей берген. Қазіргі уақытта бала ата-анасының жанында. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
«Баланы іздеуге қатысқандардың барлығына алғысымды білдіремін», - деді ПД бастығы Сұлтан Бектөре.
Тағы көру