Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
БҚО-да "Қаладан ауылға" бағдарламасы аясында 400-ден астам адам ауылдық жерлерге қоныс аударды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев аймақтық "Қаладан ауылға" бағдарламасының нәтижелері туралы айтып берді.
"Қаладан ауылға" бағдарламасы ҚР Президентінің 2023-2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы аясында іске қосылды.
Бұл жоба шекаралық ауылдарды дамытуға және қалалардан ауылдарға тұрғындардың жаппай қоныс аударуына қолдау көрсетуге бағытталған.
Бағдарлама бойынша қоныс аудару үшін 57 ауыл белгіленді. Жыл басынан бері ауылдық жерлерге 78 отбасы – бұл 402 адам көшіп келді.
Сонымен қатар, Нариман Төреғалиев мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылдарға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Әлеуметтік осал топтар санатындағы кезекте тұрғандарға 110 ауылдан 758 тұрғын үй сатып алынған.