471.46
555.38
6.18
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БҚО-да 800 ірі қара бруцеллез инфекциясына шалдыққан
Жаңалықтар

БҚО-да 800 ірі қара бруцеллез инфекциясына шалдыққан

17.04.2026
мин
0
70
Сурет: GOV.kz

Батыс Қазақстан облысында жүргізілген ветеринарлық тексеріс барысында жүздеген ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Батыс Қазақстан облысында мал арасында бруцеллез инфекциясы тіркелді. Ветеринария қызметінің мәліметінше, жоспарлы тексеріс кезінде 800-ден астам ірі қарадан қауіпті жұқпалы ауру анықталған.

Өңірде ауыл шаруашылығы жануарлары белгіленген тәртіпке сәйкес тұрақты түрде тексеруден өткізіледі. Ірі қара, қой мен ешкі жылына екі рет, түйе жылына бір рет бруцеллезге қарсы тексеріледі. Ал жылқы мен шошқа тек ауру белгілері байқалған жағдайда ғана зерттеледі.

Мамандардың айтуынша, анықталған малдың бір бөлігі шаруа қожалықтарына, ал қалғаны жеке тұрғындардың иелігінде болған. Ветеринарлық талаптарға сәйкес, ауру мал иелері оларды белгіленген мерзімде арнайы ет өңдеу орындарына тапсыруы тиіс.

Бруцеллез – жануарлардан адамға жұғуы мүмкін аса қауіпті инфекция. Сондықтан мамандар мал өнімдерін тек тиісті термиялық өңдеуден кейін ғана пайдалануға кеңес береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл