| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі еттің қымбаттауы туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарып, облыста сиыр етінің бағасы республика бойынша ең төмен екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Төреғалиевтің сөзіне сенсек, өңірде сиыр етінің орташа бағасы келісіне 3060 теңге, ал республика бойынша орташа баға 3246 теңге.
- Ең төмен баға БҚО-да. Бізде 3060 теңге, бұл төмен баға, бізден кейін Ақтөбе мен Маңғыстау облыстары тұр. Сондықтан ет қымбат деген сөздер қайдан шыққанын білмеймін, - деді әкім.
Ол сондай-ақ облыс өзін етпен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа өңірлерге де жіберетінін айтты.
"Біз Батыс Қазақстан тұрғындарын етпен толық қамтамасыз етіп отырмыз және көршілес облыстарға Шымкент, Түркістанға жөнелтеміз", - деді Төреғалиев.