Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында санитариялық автокөліктің 78% тозған.
Осыған байланысты облыстың медициналық ұйымдарына 21 бірлік санитариялық автокөлік табысталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудандық ауруханалардың, қалалық емханалардың, қалалық көпбейінді аурухананың және психикалық денсаулық орталығының басшыларына жаңа Шевроле Кобалт автомобилдерінің кілттерін ресми түрде табыс етті.
Аталған проблеманы шешу және халыққа уақтылы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін биыл жергілікті бюджеттен облыстық медициналық ұйымдар үшін 81 бірлік санитариялық автокөлікті, оның ішінде аудандық медициналық ұйымдар үшін 54 бірлікті сатып алуға 1,7 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген.
Айта кетейік, автомобилдер ағымдағы жылдың соңына дейін жеткізіліп болады.