Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктер 11-ші қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгін циклон және онымен байланысты фронталды бөліктердің салдарынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында қатты жаңбыр жауады.
Республика бойынша екпінді жел күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, орталықта бұршақ жауып, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі, ҚР оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қарағанды,
Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-батыста, оңтүстікте, орталықта жоғары өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.