Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бүгінде соттан тыс банкроттықты қолдануға 60 мыңға жуық арыз түскен
Жаңалықтар

Бүгінде соттан тыс банкроттықты қолдануға 60 мыңға жуық арыз түскен

19.09.2023
1 мин
0
623

2023 жылғы 3 наурыздан шілдеге дейін соттан тыс банкроттықты қолдануға 59 407 арыз түсіп, 9 173 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі басталған, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда 2 030 арыз қаралуда, ал 48 050 арыз бойынша рәсімді қолданудан бас тартылған.

«Сот банкроттығын азаматтар 1600 АЕК-тен астам (5 млн 520 мың теңгеден астам) және қарыздың барлық түрлері бойынша қолданады.

Бұл рәсім борышкердің мүлкін сатуды және түскен қаражат есебінен қарыздарды өтеуді білдіреді. Бұл ретте рәсім барысында борышкердің кепіл нысанасы болып табылмайтын жалғыз тұрғын үйі іске асырылуға жатпайды.

Жоғарғы соттың мәліметінше, сот банкроттық рәсімін қолдануға 600-ге жуық адам өтініш білдірген. 10 шешім шығарылды, оның 9-ы сот банкроттығын қолдану туралы.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі сотта қарыздарды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін), тұрақты табыс болған кезде көздейді. Қалпына келтіру жоспарын борышкер қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірлейді және сотта бекітіледі.

Сот органдары төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы 7 іс қозғады.

Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі»,- делінген хабарламада.

Аталған Заңға 2022 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылды, 2023 жылдың 3 наурызында күшіне енді.

Заң жеке тұлғаның соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы арқылы берешегін реттеу тетіктерін көздейді.

Азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімін банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша келесі жағдайларда қолданады:

  1. банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 1 600 АЕК-тен аспаса;
  2. қарыз 12 ай бойы өтелмесе;
  3. мүлкі болмаса;
  4. бұған дейін банк пен микроқаржы ұйымы борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізілсе.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл