Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бұршақ пен дауыл: бірнеше өңірде ауа райы құбылады
Жаңалықтар

Бұршақ пен дауыл: бірнеше өңірде ауа райы құбылады

23.04.2025
1 мин
0
1155
Сурет: caravan.kz

Синоптиктердің болжауынша, 23 сәуір күні Қазақстанның бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы күтіледі. “Қазгидромет” мәліметінше, кейбір өңірлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік пен батыс бөлігінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыс өңірлерінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы облысында оңтүстікте және таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал. Алматы мен Қонаев қалаларында да күндіз найзағай болжануда.

Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай болады. Таулы аймақтарда тұман түседі. Таразда күндіз найзағай болуы мүмкін.

Ақмола облысының батысы, солтүстігі және шығысында найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Астанада да дәл осындай құбылыстар болжанған.

Батыс Қазақстан облысында найзағай мен бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан және шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с дейін барады. Оралда найзағай болады.

Атырау облысында түнде батыс пен солтүстікте жел күшейеді – екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с. Шымкентте түстен кейін найзағай болжанған.

Павлодар облысында найзағай мен тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында найзағай, ал шығысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Ақтауда күндіз найзағай болжанған.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай мен бұршақ, сондай-ақ тұман болады. Жел бағытын өзгертіп, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Петропавлда найзағай болжануда.

Ұлытау, Қарағанды, Абай облыстарының бірқатар аймақтарында найзағай, тұман және қатты жел күтіледі.

Қостанай облысының да батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, түнде тұман, ал жел солтүстік-шығысқа бұрылып, екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл