Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты апелляциялық сот отырысы өтті
Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты апелляциялық сот отырысы өтті

28.11.2024
мин
0
940
Сурет: ortcom.kz

Бүгін Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты апелляциялық сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

28 қарашада Алматы қалалық сотында Нұрасыл Болаттың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы басталды. Бұған дейін бірінші сатыдағы сот оның жазасын бас бостандығын шектеуден бас бостандығынан айыруға ауыстырған болатын.

Сот отырысында қорғау тарапы пробация қызметі ұсынған материалдарды дайындау және қарау кезінде қылмыстық процестің талаптары бұзылғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, пробация қызметі 2024 жылдың 12 қазанында болған оқиғаға сүйенген. Алайда бұл оқиға 22 қазанда сот шешімімен дәлелсіз деп танылды. Осыған байланысты пробация қызметі 14 тамыздағы жағдайға сілтеме жасады, бірақ бұл жағдайды сол уақытта ресми түрде заң бұзушылық деп есептемегенін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлаған.

Сот отырысынан үзінді.

Соттың сұрақтарына пробация қызметі нақты түсініктеме бере алмады. Оларға дайындалуға уақыт берілді. Келесі сот отырысы 29 қараша сағат 11:00-де өтеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл