Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың ісін қарады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты бірінші инстанцияның шешімін күшінде қалдырды.
- Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы: Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотының сотталған Болат Нұрасыл Дәулетұлына қатысты қаулысын өзгеріссіз, сотталғанның және оның адвокаттарының жеке шағымын қанағаттандырусыз қалдырсын деп шешім қабылдады. Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және кассациялық тәртіпте қайта қарауға жатпайды, – деп үкімді судья Нұржан Қарабаев жария етті.
Судья Болат Нұрасылдың пробация шарттарын бұзғанын атап өтті.
- Бірінші инстанция сотымен оған бостандығын шектеу жазасы тағайындалған, алайда ол сот шешімін орындау тәртібін бұзғаны анықталды, – деп түсіндірді апелляциялық инстанцияның төрағалық етуші судьясы Нұржан Қарабаев.
Сот пробация қызметінің Болат Нұрасыл Дәулетұлына қатысты бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қанағаттандыру туралы шешім шығарды.