Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
DAULETTEN деген кім?
Жаңалықтар

DAULETTEN деген кім?

15.02.2023
мин
0
3507

Мұқаев Дәулет Төлеутайұлы 1992 жылы Абай облысы, Семей қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Отбасында адалдық, әділеттілік қасиеттерін бойына сіңіріп өсті. Білімге құштар, оқуда озат болып, «Алтын белгіні» кеудесіне тақты. Студенттік шағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында өтті. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының дипломын қолына алды. «Оқыған озады» ұранын ту еткен Дәулет бүгінде Еуразия ұлттық университетінде докторантурада білім алуда. Үйленген, 3 баланың үлгілі әкесі.

Қызметтік жолын әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебінде оқытушылықтан бастады. «Хабар» агенттігінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысында сарапшы, редактор қызметін атқарды. «Баспанаға бағыт» және «Бизнеске бағыт» телебағдарламаларының авторы, жүргізушісі ретінде халыққа баспана алу, кәсіп ашу жолдарын үйретті.

Халықтың баспаналы болуына ақыл-кеңес беріп, қаржылық сауаттылығын арттыру үшін «ДӘУЛЕТТІ КҮНДЕЛІК», «ЖинақTIMES», «Бизнеске бағыт», «Бизнеске бағыт-2» кітаптарын жазып, қазақ тіліндегі «dauletten.kz» ақпараттық-танымдық порталын ашты. «Баспанаға бағыт», «Ерлерге арналған қаржылық сауат», «Отбасылық қаржылық сауат», «Акционер бол» «Декретке миллионмен» қаржылық-сауаттылық сабақтарының авторы.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша еңбек етіп келеді. Көпбалалы отбасылар мен білімді жастарға қолдау көрсетіп, мұқтаж жандарға көмек беретін «Dauletten қайырымдылық қорын» ашты. Қор осы күнге дейін 57 отбасыға баспаналы болу бақытын сыйлады, 390 адам өз шаңырағында қоныс тойына ие болды.

Жұма сайын «Қайырымды жұма» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, ауыр дертке шалдыққан жандарға, Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су астында қалған ауылдарының оқушыларына көмек көрсетіліп, қор ашылғалы жалпы 750 млн теңгеге жуық сомада көмек көрсетті. Қор тарапынан қасиетті Рамазан айында «Бала-шағамен солтүстікке» жобасы бастау алып, оның аясында 36 адам еліміздің солтүстік аймағына қоныстандырылды.

Пандемия кезінде «Dauletten қайырымдылық қорының» ұйытқы болуымен Түркия және Қытайдан 300 дана оттегі концентраттар алдырылып, еліміздің қала/аудан/ауыл ауруханаларына тегін жеткізілді. Атқарылған істер мемлекет тарапынан бағаланып, 2020 жылы Президент Қ.К. Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік марапатына ие болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
297
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл