Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Dauletten қайырымдылық қоры» Нұр-Сұлтан қаласындағы жағдайы төмен 100 отбасыға азық-түлік қорабын таратты, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты.
«Елдегі карантин жағдайын ескере отыра, кей жұмыстардың тоқтауына байланысты біраз отбасылар көмекке мұқтаж. Әсіресе, күнделікті тамақ - басты мәселе. Дәл осындай қиындық кезінде олардың жағдайын жеңілдетіп, жақсылық жасау біздің міндетіміз», - дейді «Dauletten қайырымдылық қоры» директоры Нұрсұлтан Орыналыұлы.
Бұл қайырымдылық акциясы «Dauletten қайырымдылық қоры», «Elorda onimderi» және «Qaiyrymdy Qala» әлеуметтік кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті. Аталмыш шараны халық та қолдап, жақсылық жасаудан аянбады.
«Күнделікті қажетті азық-түлікпен қатар отбасылар еті бар тағам жесін деп @elorda_onimderi директоры, кәсіпкер Дәуренбек мырзаның бастамасымен тұшпара мен манты салынды. Қораптың жалпы салмағы 18 келіден асады», - деп жазды Дәулет Төлеутайұлы әлеуметтік желіде.
Еске сала кетейік, «Dauletten қайырымдылық қорының» басты мақсаты - әлеуметтік санаттағы мұқтаж жандарға көмек пен білімді жастарға қолдау көрсету. Қор халықпен бірлесе отыра, түрлі жобаларды іске асырып келеді. Сондай-ақ желтоқсан айында «Қайырымды жұма» акциясы аясында 42-баспана кілтін 7 балалы анаға табыстады.
Тағы көру