Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Dauletten" қайырымдылық қоры 54-ші баспананы көп балалы анаға сыйлады.
Өткен жұмада 7 баласы бар Махаббатқа сбор ашқан белсенділер бір тәулікте 20 млн теңгеден астам қаржы жинаған. Қуанышқа ортақтасқан қор қызметкерлері жаңа үйде қоныс тойды да атап өтті. Бұл дәулетті оқырман табыстаған 54-баспана кілті.
"Dauletten" қайырымдылық қоры Ақтөбе қаласынан 20 млн теңгеге 11 соттық жерімен 110 шаршы метрлік, 3 бөлмелі үй құжаттарын көпбалалы Махаббатқа рәсімдеген. Сондай-ақ 1 млн теңгеге тұрмыстық техника, яғни тоңазытқыш, қысқатолқынды пеш, теледидар алған. Одан бөлек ас үй жиһазы, үстел, орындықтарын да сыйға тартқан.
Қордың Instagram-дағы парақшасында оқырмандарға: "Дәулетті оқырман жасай берсін. Қайырымды жұмаға атсалысып, 7 баланың баспаналы болуына үлес қосқандарыңызға рақмет. Жасаған жақсылықтарыңыз сіздерге мың есе қайтсын. Қасиетті жұма күні тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!" -, деп алғыс білдірген.