Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Dauletten қайырымдылық қоры» «Menin armanym» қорына қолдау көрсетті
Жаңалықтар

«Dauletten қайырымдылық қоры» «Menin armanym» қорына қолдау көрсетті

20.01.2022
1 мин
2
1442

«Dauletten қайырымдылық қоры» «Menin armanym» корпоративтік қорына қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты.

Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздік салдарынан «Menin armanym» корпоративтік қорының кеңсесі өртке оранған. Қазіргі кезде қор жұмысы толық тоқтап тұр. Шығын мөлшері 13 миллион теңгені құрады.

«Баршаңызға мәлім Қазақстанда болған жағдай, сол шеруге шыққан мародёрлардың кесірінен «Menin armanym» корпоративтік қорының кеңсесі өртеніп кетті. Ештеңе қалмады, бәрі күлге айналып кетті. Қаншама дүние болды, қаншама техника кетті. Балалардың өз қолымен жазған армандары бар еді, ештеңе қалмады...», - деп жазды қор қызметкерлері.

Онкологиялық аурумен күресіп жатқан балалардың арманын орындауға бағытталған «Menin armanym» корпоративтік қорының кеңсесін қалыпқа келтіріп, қолдау білдіру мақсатында «Dauletten қайырымдылық қоры» 1 миллион теңге қаржылай көмек көрсетті.

«Елімізде болған жағдайға байланысты Алматы қаласындағы көптеген ғимараттар қирады. Дәл осындай қиын сәтте бір-бірімізге қолдау білдіріп, көмек беру үлкен ерлік. Біздің қайырымды оқырман арқасында жиналған қаражат есебінен 1 миллион теңгені «Menin armanym» корпоративтік қорына жолдадық», - деді «Dauletten қайырымдылық қоры» директоры Нұрсұлтан Орыналыұлы.

Қазіргі кезде «Menin armanym» корпоративтік қорына қаражат жинау жалғасып жатыр. Қор мақсаты 3-18 жас аралығындағы ауыр дертке шалдыққан балалардың арманын орындау. 2021 жылы «Menin armanym» қоры Қазақстан бойынша 80 баланың арманын орындаған, биыл 120 баланың арманын орындауды мақсат еткен ұжым осындай қиындыққа тап болған.

«Тағы да жақсы жаңалық. Бүгін «Dauletten қайырымдылық қорынан» хабарласып, бізе қолдау көрсетіп, шотымызға 1 миллион теңге жіберді. Бір салада жүргеннен кейін бір-бірімізге неге көмектеспеске... Дәл осы ниетпен қайырымдылық қоры бізге қолдау білдіріп отыр. Алла қаласа көмектеріңіздің арқасында сіздер жіберген қаражатпен біздің ерекше балалардың армандары орындалмақ», - деп Instagram желісінде Олжас Еспанов өз алғысын білдірді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Айнул 13.08.2023
Саламатсыз кай номерымен хабарласссам
Жауап беру
А
Аинура 31.01.2023
Сәлеметсіз бе. Аға.мен.сызден.көмек.сурап.отырмын.ағамыз.соилеи.былмиды.4,баласы.бар.өзі.оқымаған.еш.қаида.мен.қызымда.эпелепсия.мен.аурады.мен.бырге.турамыз.быр.болмеде.квартирмыз.құлан.деп.тур.көмектесіңізшы. Алла.разы.болсын.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл