Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Парламент мәжілісінің кезекті жалпы отырысында депутат Дәулет Мұқаев балаларға арналған жазғы лагерь мәселесін көтерді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Балалар лагері бүгінгі таңда пайда табудың негізге көзіне айналды. Жаз шықса болды интернет пен әлеуметтік желіні жаулаған түрлі лагерь жарнамалары көз тартады. Бұл лагерьлердің ұйымдастырушылары кім, лагерьдің идеясы қандай, қандай бағдарламаны қамтитыны ешкімді қызықтыра бермейді», - дейді депутат.
Депутат лагерлерді ұйымдастыру мен кәсіп ету қағидаларын қатаңдату керек екенін айтты.
«Жазғы уақыттарда балалардың сауықтару жұмысытарын ұйымдастыру бойынша бірыңғай талаптар мен ережелерді бекіту керек. Лагерь ұйымдастырушылар міндетті түрде мемлекеттік мекеме тарапынан лагерь мазмұны мен материалдық-техникалық базаларына сәйкес тексеруден өтіп, лицензиялануы керек. Мүмкіндк болса барлық лагерьлер орталықтандырылған бірыңғай сайтта болғаны абзал», - деді отырыста.
Сондай-ақ кеңестік түсініктен қалыптасқан «лагерь» сөзін жазғы сауықтыру орталықтары сөзімен ауыстыруды ұсынды.
Фото: el.kz