Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат Түркістандағы агроөнеркәсіп мәселесін көтерді
Жаңалықтар

Депутат Түркістандағы агроөнеркәсіп мәселесін көтерді

26.04.2023
1 мин
0
499

Түркістандағы шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау қажет. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында Қайрат Балабиев Серік Мұқашұлына депутаттық сауал жолдады.

Дептутат Түркістан облысы агроөнеркәсіп саласында елдегі көшбасшы өңір екенін айтып, халқының көп бөлігі осы кәсіппен айналысатынын да қосқан.

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы республика көлемінде жылыжайда өндірілетін қызанақ пен қияр өсіру 71,8 мың тоннаға төмендеген. Елімізде күнделікті пайдалынатын көкөніс өнімдерінің жеткіліксіздігіне байланысты импортқа тәуелдіміз. Талдаушыларының айтуынша Қазақстаннан экспортқа шығарылған көкөніс өнімдерінімен салыстырғанда шет елдерден кіргені 10 есе көп. Сондықтан мемлекет тарапынан тұрақты қолдау жасап, ішкі нарыққа жеткілікті мөлшерде көкөніс өндіретін жылыжайлар құрылыстарын жүргізіп, оларды өндіріске қосу қажет.

Түркістан облысында 2,2 млн халық тұрады және елді мекендер бір-біріне өте жақын орналасқан, белсенді халық саны 819,8 мың, жұмыссыздар – 42,2 мың адамды құрады. Облыс көлемінде ірі индустриялық өндірістер жоқ, жергілікті халықтың негізінен агроөнеркәсіп өнімерін өсірумен айналысады», – деп нақты дәлел келтірді Балабиев.

Фото: Egemen.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл