Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат Жигули Дайрабаев су мамандарының жалақысын көтеруді ұсынды
Жаңалықтар

Депутат Жигули Дайрабаев су мамандарының жалақысын көтеруді ұсынды

22.11.2023
1 мин
0
475
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке депутаттық сауал жолдап, елдегі су саласындағы мамандардың жалақысын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Депутаттың сөзінше, бүгінгі таңда республикалық меншіктегі су шаруашылығы инфрақұрылымының тозуы 60%-тен асқан. 

Сонымен қатар жалақының төмен болуына байланысты білікті кадрлар саладан кетіп жатыр. Оған қоса суды тиімсіз пайдаланғандықтан үлкен шығын болып жатыр.

«Су шаруашылығы саласындағы негізгі компания «Қазсушардың» балансында 6 мыңға жуық гидротехникалық құрылым бар. «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны - табиғи монополиялар субъектісі», - деді Дайрабаев.

Ол Президенттің тапсырмасы қалай жүзеге асырылып жатқанын сұрады.

  1. Бүгінгі күні қандай жұмыс атқарылғаны және қандай жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы;
  2. Су шаруашылығы инфрақұрылымының тозуын азайту, су шығындарын азайту;
  3. Білікті қызметкерлердің жалақысын қайта қарау;
  4. Суды автоматтандыру және есепке алу, суды нормативтен тыс тұтыну үшін жоғары тариф енгізу жөнінде Су кодексінде толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет.

Жигули Дайрабаев осы айтылған ұсыныстарға байланысты министрліктен нақты ұстанымын анықтап, жауап беруін сұрады.

Жалақыңыз қажетті шығындарыңызды өтей ала ма?
155 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Үнемдесем ғана маңызды шығындарымды өтей аламын 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл