Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутаттар әскердегі өлімді тоқтату үшін заң жобасын әзірлемек
Жаңалықтар

Депутаттар әскердегі өлімді тоқтату үшін заң жобасын әзірлемек

03.10.2024
1 мин
1
312
Сурет: Ratel.kz

Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская "Аманат" партиясы ұйымдастырған мәслихат депутаттарының форумында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және әскерге шақыруды ұйымдастыру туралы заң жобасы туралы жеткізді. Осылайша депутаттар Қарулы Күштердегі өлімдерді тоқтатуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Бұл сөзінде депутат әскери қызметшілермен болған қайғылы оқиғаларға тұтас қоғам алаңдаулы екенін айтты. Оның айтуынша, мұндай оқиғалардың көптеген себебі бар және оны шешуге әсіресе заңнамалық деңгейде көптеген ұсыныс бар.

Парламент қабырғасында әскери-патриоттық тәрбие бойынша заң жобасымен жұмыс жүргізілуде. Әскерге шақыруды ұйымдастырудағы өзгерістер талқыланып жатыр. "Аманат" партиясының Әйелдер қанаты Мәжіліс депутаттарының қатысуымен психологиялық қызметтердің, оның ішінде әскердегі қызметтер туралы заң жобасын әзірлеп жатыр, - деп түсіндірді ол.

Юлия Кучинская барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына осындай өзгерістерді талқылау жөніндегі жұмысқа қосылуды ұсынды. Оның айтуынша, қоғаммен сындарлы, сенімді диалог қана жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Қ
Құралай 03.10.2024
Әскердегі өлім тоқтамайынша балаларымызды әскерге жібермейміз.Балаларымыз соғыста қаза тапса ол бір сәрі.Айдың күннінің аманында әскерге сап сау бала жіберіп азғантай уақыттың ішінде мүгедек немесе балаңның мәйітін алу деген не сұмдық.Осындайды көріп естіп отырған қайсы ата ана баласын әскерге жібереді деп ойлайсыздар.Әскердегі ( система) дұрысталмайынша әскерге бала жібере алмаймыз.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл