Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутаттар жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды ұсынды
Жаңалықтар

Депутаттар жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды ұсынды

23.06.2021
1 мин
46
10924

Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Айқын Қоңыровтың айтуынша, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану бастамасы аясында біраз адам ақшаны өз кәдесіне жаратты. Бірақ одан көбінесе Нұр-Сұлтан мен Алматының құрылыс компаниялары және банктер пайда көрді. Ал халықтың баспанаға қолжетімділігі артқан жоқ. Тұрғын үй мәселесі ушығып кетті.

"Жалпы, экономикалық өсімді ынталандыру бастамасы да нақты нәтиже бермеді. Керісінше инфляцияның үдеуі салдарынан тұрғын үй мен құрылыс материалдарының бағасы шарықтап, салаға жағымсыз әсер етті. Зейнетақы науқаны басталғаннан бері баспана бағасы 8,3 процентке қымбаттады. 2020 жылғы мамырдан 2021 жылғы мамырға дейінгі аралықтағы өсім шамамен 22 процентті құрады", - деді Қоңыров мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, монополияға қарсы агенттік бағаны реттеуге тырысып жатыр. Алайда бағаның өсуі БЖЗҚ-дан алынатын біржолғы зейнетақы жинағы таусылғанда ғана тоқтайды.

"Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалану жобасын жалғастыра отырып, екінші кезеңде қосымша жүйелі шараларды іске қосу маңызды деп білеміз. Ол жеке топтарға емес, бүкіл қоғамға арналуы керек. Қазақстан халық партиясы жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған "Жер үй" бағдарламасын іске қосу қажет деп санайды", - дейді Қоңыров.

Осы орайда фракция мүшелері мемлекет кепілдік беретін облигацияларды шығарып, оған БЖЗҚ ақшасын салуды ұсынып отыр. Соның есебінен аумақтарды абаттандырып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге болады. Осылайша жер телімдерін тездетіп үлестіруге мүмкіндік бар.

"Бұл көптеген қазақстандықтың жеке үй салу туралы арманын ақиқатқа айналдырып, тұрғын үй саласындағы жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. "Жер үй" тұрғын үй бағдарламасы қажетті құрылыс материалдарының, ілеспе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытумен қатар іске асырылуға тиіс", - деп атап көрсетті депутат.

Фракция өзінің депутаттық сауалын үкіметке жолдап, қолданыстағы заңнамада көрсетілген тәртіппен жазбаша жауап беруді талап етті.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
46 Пікір
Л
Лаура 13.07.2021
Первый начальное канша толеп алуга болады и айына каншага шыгады уй . Рахмет
Жауап беру
Р
Райхан 02.07.2021
Қарапайым үйсіз халық балаларының қауіпсіздігі үшін бала бақша мен мектеп жанынан пәтерлерді жалдап тұрып жатыр, 90000-нан бастап 120000 теңгені ауыздарынан жырып, қайдағы бір адамдардың қалтасына салып жатыр, әрине ол адамда үй сатып алуға мүмкіндік қайдан болсын?! Сондықтан да, мемлекет соны ескере отырып, ол ақшаның өз үйіне төленуін, яғни мемлекет қазынасына құйылуына жағдай жасаса екен
Жауап беру
Ж
Жан 27.06.2021
Бастапкы жарнасыз карапайым халыкка берилуйне ат салысатын иман жузди азаматтар барма ози.
Жауап беру
А
Асхад 26.06.2021
Халықты табысы мен жасы бойынша санаттарға бөлмей, әр адам БЖЗҚ-нан 1 жылдың ішінде жиналған табысының 10-30% (жиналған сомасына қарай) тек қана үй депозитіне арналған есптік шотына аудару мүмкіндігін жасау.
Жауап беру
27.06.2021
Солай болуы керек еді. Әйтпесе зейнетақы реформасына сенімсіздік білдірген байлар ғана алып алды.
Жауап беру
А
Айнур 25.06.2021
Тегин жер берилсин үй салуга,несие берсин 4%болса да
Жауап беру
В
Венера 25.06.2021
Қолдаймын
Жауап беру
А
Анар 25.06.2021
Колдайм. Халыкка канша бар БЖЗҚ-да барлығын шешип алуға руксат етсин. Сонда карапайым халық парог демей хоть что то сатып алалады
Жауап беру
З
Зухра 22.08.2021
Қолдаймын . Халықтың көбі қолдайды деп ойлаймын
Жауап беру
А
Анар 25.06.2021
Колдайм. Халыкка канша бар БЖЗҚ-да барлығын шешип алуға руксат етсин. Сонда карапайым халық парог демей хоть что то сатып алалады
Жауап беру
Г
Гулнар 24.06.2021
Қазақстан өзі кірпіш шығарып, жер беретін болса, сол қазақ қалаға тығылмас та еді, ауылды көтермейінщк қазақ оңбайды
Жауап беру
24.06.2021
Дұрыс айтасыз
Жауап беру
Ж
Жанна 24.06.2021
Жүзеге асса канекей. Ит пен құсты асырап қазағым квартирадан квартира журмиз ақшасы барлар алып алып квартира берип шалқып отыр 1 болмели болса да алуға болама бомай ма ози салып жатыр уиди салып жатыр бирак алу мумкин емес әкелер н құнын истеп койган қарапайым калыка қалай алсын
Жауап беру
ж
жулдыз 24.06.2021
дурыс айтасыз менин ойымды айткандайсыз
Жауап беру
К
Кульмаш 24.06.2021
Жақсы идея екен, мен қолдаймын
Жауап беру
А
Айгүл 24.06.2021
Дурыс! Колдаймыз!
Жауап беру
Ж
Жанна 24.06.2021
Отте дурыс
Жауап беру
А
Айгуль 24.06.2021
Өте дұрыс жер ала алмай жүрміщ
Жауап беру
С
Сымбат 24.06.2021
Жақсы ұсыныс! Қолдаймын!
Жауап беру
Ж
Жанар 24.06.2021
Қалай болғанда да халық баспанасыз жүрмеу керек. Үй кезегінде жоқтарға да үй берілсе екен
Жауап беру
Ш
Шынар 24.06.2021
Жақсы болар еді
Жауап беру
А
Ақмарал 23.06.2021
Үй алуға көбісінің мүмкіндігі жоқ. Ешқандай категорияға жатпаймыз. Сонда 3 баласы бар отбасына қандай жеңілдік бар? Арендаға неге берілмейді...
Жауап беру
Р
Рана байдаулетова 23.06.2021
Өте дурыс,жер үй болса турли бизнестермен айналысуға да колайлы,дүкен,ателье ашуға болар еди,2009 да жерге кезекке турганын,Әли берілмей жатыр
Жауап беру
Ж
Жади 23.06.2021
Өте дұрыс деп есептеймін. Халықты белгілі бір топтарға бөлмей беретін бағдарлама керек. Мемлекеттік бағдарламалар халыққа тиімсіз әртүрлі шектеулер қойып, берейін деп тұрған үйді бермей тастайды
Жауап беру
А
Асель 23.06.2021
Цены должны быть дешёвыми на квартиру.
Жауап беру
А
Айгуль 23.06.2021
Ата анам жерге кезекке турган 2006 ж. Акем дуниеден озды уже
Жауап беру
Қ
Қалампыр 23.06.2021
Жерге кезекке тұрғаныма 11жылдан асты əлі жоқ Ақтөбе қаласы
Жауап беру
А
Арнур 23.06.2021
Менің ұсынысым: первичный и втроричный рыноктағы сатылымда тұрған үйлердің барлығын 7% бен ағалшқы жарнасыз алға мумкіндік беру, басты талап толем қабілеті жеткілікті басқа кредиттары жоқ болуы. Үй залогта тұрғансоң саналы адам төлейді, алғашқы жарнаны жинай алмай крғдит алып қиналады кәзіргі кезде, жилстройда 3 жыл жинау продуктының мынандай бағасымен мүмкін емес. Жағдацыйы томен отбасыларға сертификат беру арқылы басқа адамдарға қарағанда приемуществасы болады.
Жауап беру
23.06.2021
Өте дұрыс
Жауап беру
А
Альмира 23.06.2021
Өте дұрыс!Бастапқы жарнасыз және сол алатын үйді залогқа қойып берсе,үй керек адам төлейді. квартираға да сондық ақша төлеп жүр.
Жауап беру
С
Сана 23.06.2021
Онсызда алып жаткан уй жилстрой банкте залогта тұрады и еще тағы 20 жыл төлейді халық
Жауап беру
Н
Назерке 23.06.2021
Дұрыс иә квартирағада сондай ақша төлеп журміз уэ
Жауап беру
Ә
Әсемкүл, 42 жаста. Толық емес отбасы. 23.06.2021
10 жыл бойы Мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде үй кезегінде тұрдым. Әлеуметтік осал бірнеше топты қосты , шашты, кезекте тұрғандар саны өте көп болған соң ауысуға беттемедім, 2019да кезегімді тастап "Бақытты отбасы" бағдарламасы үшін депозитке жинап та жатырмын, өзге кредиттерімнің бәрінен құтылып дайын отырмын...бірақ.... тағы резервке ысырып тастады. "Бақытты отбасы" үміткерінің жалпы үй кезегіндегі жылдарын ескертулері керек. Енді ипотека алған күнде мен оны 15-20жыл төлеймін. Қазір немерем бар. Шөберемнен ұят боп жүрмесін ))
Жауап беру
С
Салтанат 23.06.2021
Жаксы баодарлама
Жауап беру
А
Айхан. Қызылорда қ. 23.06.2021
2% "Бақытты отбасы" бағдарламасымен ТЕК ҚАНА көп балалы,мүгедектігі бар, толық емес отбасылар ғана ЖЕР үй ала алады онда да тек Алматы, Астана, Шымкент 15млн, басқа облыстар 10млн дейін ғана.Мысалы: Қызылордада ескі жер үйлер 13-15млн басталады. Үміткердің жұмыс орны қалада, ол 6-7 млн-ның үйін алу үшін жұмысын тастап ауылға кетпейді ғой. Қала орталықтарында үй 18-25млн. Басқа бағдарламалар да ВТОРИЧКА мен ЖЕР ҮЙ алатындай етіп 5 % түсірсін. Толық емес отбасына 13-15 млн үйін 7%,8%-12% алу деген масқара .
Жауап беру
Е
Есімім Асия,жасым 57-де .жалғыз басты анамын,осы уақытқа дейін ала алмаған үйінді енді ала аламын ба? 23.06.2021
Тағы да ондай үйлерді ақшасы барлар алады да,сосын квартирада беріп қойып отырады ғой.
Жауап беру
К
Кундыз 23.06.2021
барибир оған да карапайым халықтың колы жетпейдиго, биринши байдың балалары алып алады, дурыс салынбаған или минустары болса оны карапайым халыкка бере салады. Бағасы да колжетимди болмайды, айына толейтини немесе бастапты жарнасы көп болады.
Жауап беру
К
Кенже 23.06.2021
Дұрыс жер алдық үй салайық десек ақша жетпейді, бағдарлама болса көмек болар еді
Жауап беру
А
Айкүн 23.06.2021
Жемқорлардан құтыла алмадық қой. Жемқор ұрылардың қолын шапса ғой шіркін. Сосын инвалидность пенсияға күндерін қалай көреді көрейік.
Жауап беру
Г
Галия 23.06.2021
Мать одиночка, куйеуим кайтыс болган, калай баспана алсам болады?
Жауап беру
А
Айкүн 23.06.2021
Жемқорлардан құтыла алмадық қой. Жемқор ұрылардың қолын шапса ғой шіркін. Сосын инвалидность партияға күндерін қалай көреді көрейік.
Жауап беру
Т
Тұрсынай 23.06.2021
Не ойлап тапса да бағаны ұстап тұра алмайды. Онанда құрлыс заттарының, азық-түліктің бағасын қадағаласын, шарықтатпай түсірсін. Ал құрлыс материалдарын жасайтын зауыт- фабрикалар жұмыс жасасын..... дейін десең ... бөлінген ақша әбден желініп-бөлініп, немесе инвестиция құятын шетелдіктерді тауып әкеп ең соңында ия зауыт жоқ ия ақша жоқ болған күнде де ол зауыт сол шетелдіктерге пайда түсіріп кетеді ғой... ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТЫЙСЫН ! Сонда халықтың жағдай дұрысталады.
Жауап беру
Ж
Жумагул 23.06.2021
Менде жер уй салар едим. Егерде курылыс материалдары кымбат болмаса
Жауап беру
Н
Нұргүл 23.06.2021
Жер үй алатын ешқандай бағдарлама қалмаған. Баспана хитте бітті. Жер үй ала алмай отырмыз.
Жауап беру
Г
Гулжан 23.06.2021
Жер үй болса сол дұрыс еді
Жауап беру
С
Сьезгүл 23.06.2021
Қарапайым 50-60мың айлық алатын қарапайым жұмысшыға қайдағы үй, армандапта қажет емес, ол бағдарламаның бәрі ақшасы көптерге арналған.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл