Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Дипломмен ауылға" жобасымен баспаналы бол

17.06.2020
1 мин
2
2256

«Dauletten.kz» инстаграм парақшасында 1 сағатқа жуық өткен тікелей эфир қорытындысын арнайы осы жерге жаздық. Сіздерге сақтап алуға және ақпараттың маңыздысын жылдам алу мақсатында басты шарттарды, байланыс нөмірлерін топтастырдық.

1.«Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету. Дипломмен ауылға жобасы аясында мемлекеттен берілетін көмек 1500 АЕК деңгейіндегі 0.01% кредит және 1 реттік 100 АЕК + жалақыға үстеме ақы.

1 АЕК = 2778 теңге.

Жобаны жүзеге асырушы министрлік - Ұлттық экономика министрлігі.

Байланыс нөмірі: 8-7172-74-97-16

Баратын ауылды өзіңіз таңдайсыз, жұмысты өзіңіз табасыз.

2. Жастарған арналға бірегей сайт:

www.jastar.online

Инстаграм: Jastar.online

Телеграм: Jastar.online

Аталмыш парақшада жастарға арналған бағдарламалар мен әлеуметтік жобалар жайлы жаңалықтарды бірінші болып біле аласыз.

3. Жұмыссыз жастарға арналған мүмкіндіктер:

«Атамекен» қолдау орталығы

Телеграм: @rabotaatamekenbot

Инстаграм: @rabota.atameken

@rabota.almaty.atameken

@rabota.atameken.shymkent

www.enbek.kz - Бірыңғай бос жұмыс орындар және түйіндемелер қоры

4. «Жастар практикасы» бағдарламасы

Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады. Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған. Жастар практикасына 29 жастан аспаған жұмыссыздар оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде жіберіледі.

Жастар практикасы - жастарға келесі мүмкіншіліктерді береді:

-кәсіби тәжірибе алуға

-өзін көрсете білу мен болашақта жұмысқа орналасуға;

-мемлекеттен қаржылық қолдау алуға (мансаптың алғашқы 180 күнінде).

 Жұмыс берушілер үшін:

- Ынталы, өз ойымен, өз дәлелімен келген жас маманды қабылдай;

-Компанияда тәжірибе өтіп жүрген уақытында болашақ маманды тегін тексере алатын;

-маманды қайта оқытудан гөрі үйрету;

-өз компаниясына әлеуметтік жауапкершілікті көрсету;

Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды береді:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Н
Назерке 14.07.2020
Толық жазбапсыз, канша уақытта бір реттік үстеме ақы, кай уақытта үй беріледі, қандай құжатты қайда тапсырады? Канша ай жұмыс істеген соң үйді алуға болады? Енер кредит ақшасы төленбеген жағдайда не болады, жұмысқа кірген ауылда қанша уақыт жұмыс жасау керек, жұмыстан шыққан жағдайда не болмақ осындай көптеген сұрақтарға жауапты қайдан тапсам екен. Толық ақпарат керек еді?
Жауап беру
С
Сабрина 22.09.2021
Жастар практикасымен зарплата 60 мың 70 мың 80 мың, Сиз бұл акшамен кредит төлеймин деп умиттенбениз, Жұмыссыздық орталығына куалик пен диплом апарыныз, барсаңыз, ай басына тиркелесиз.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл